Кемероводағы оқиғадан кейін Астанада өрт қауіпсіздігіне байланысты кеңес өтті

Кемероводағы оқиғадан кейін Астанада өрт қауіпсіздігіне байланысты кеңес өтті

Әкімдікте сауда орталықтарындағы қосымша қауіпсіздік шаралары мен адамдар көп жиналатын орындар туралы  талқыланды, деп хабарлайды ТалғарАқпарат Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиын барысында Астанадағы сауда ойын-сауық орталықтарындағы өртке қарсы қауіпсіздік қалалық әкімдігінің үнемі бақылауында екендігі айтылды.

Астанадағы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметінше, есепте тәуекел деңгейі жоғары нысанға жататын 117 сауда нысаны бар, оның 83-і сауда үйі, 9 — сауда ойын-сауық орталығы, 25-і базар.

2017 жылы ерекше тәртіппен 46 тексеру жүргізілген. Тексеру барысында көшіру жолдарының жағдайы, жарық беруші  электр желілері мен қуат көздерінің жай-күйінің болуы, өртті байқайтын автоматты жүйенің түзету жағдайының болуы, ішкі және сыртқы өртке қарсы су жабдығы мен ең бірінші өрт сөндіру құралдарының сақадай сай тұруына баса мән берілді.

9 ОСО-ның 6 тексерілді. Үш орталықтан 32 ереже бұзушылық анықталған. Әкімшілік жауапкершілікке 3 адам тартылып, айыппұл салынды. 2 ОСО-да аудит жүргізілді, ал 1 нысанға  (Mega Silk Way Astana) тексеру осы жылы жасалады.

Биыл ерекше тәртіппен Астанадағы 50 сауда объектілеріне қатысты тексеру жүргізіледі. Тексеру кезінде қауіпсіздік техникалары ережесінің сақталуы, өрт сөндіру жүйесі мен хабарландыру, эвакуация схемасы мен авариялық шығу жолдарына баса мән берілмек.

Талғар-ақпарат