Әлемдік мұнай бағасы төмендеді

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді

Лондон және Нью-Йорк биржаларында дүйсенбі күнгі сауданың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы төмендеді, деп хабарлайды ТалғарАқпарат «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында мамырда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррельге 0,33 долларға дейін түсіп, 70,12 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері бір баррельге 0,33 долларға арзандап, 65,55 доллар болды.

Талғар-ақпарат