«Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» қолға алынып жатыр

«Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» қолға алынып жатыр

Алматы облысында «Қазақстан-2050» демократиялық күштердіӊ жалпыұлттық коалициясы жұмыс жасауда. Осыған орай Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасының Президентінің әлеуметтік бастамалары талқыланды, деп хабарлайды ТалғарАқпарат коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан халқының тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» дер кезінде шығып отыр. Жиында Жолдауды жүзеге асыруға байланысты ұсыныстар қаралып, бүгінігі таңда Елбасының үндеуін қолдайтындықтарын халық білдіріп отырғаны белгілі болды.

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев:

— Елбасының аталмыш үндеуін орындау ең алдымен «Нұр Отан» партиясына жүктелген болатын. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыреспубликалық бірыңғай күні аясында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» жергілікті жерлерде халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, бүгін осының біріккен отырысын өткізудеміз. Бүгінгі күні кез келген партия саяси күш болып табылады. Біз сол себепті облысымыздағы бес партияның мүшелерін шақырып, Елбасының үндеуіне орай қандай жұмыстар атқару керектігін талқылау үшін жиналдық, — деді ол.

Талғар-ақпарат