16-наурызда Алматыда қатты жауын-шашын болады

16-наурызда Алматыда қатты жауын-шашын болады

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері 16 наурызда Алматы облысы мен Алматы қаласында қатты жауын-шашын болатынын айтты, — деп хабарлайды ТалғарАқпарат.

«Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» мамандарының 2018 жылғы  13 наурыздағы  алдын ала ескертуі негізінде ескертеді! 16 наурызда Алматы облысы жəне Алматы қаласында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде қарқынды (көбіне жаңбыр) болады. Жылы ауа температурасының сақталуы өзен арналарының қысылуы мен мұздық құбылыстардың əлсіреуіне əкеледі (Алматы облысында), жазық аудандарда еріген қар ағыны, ал таулы аудандарда баурайлы ағындардың қалыптасуы мен су деңгейлерінің жоғарылауы, жайылмалық аудандарға судың шығу жағдайлары күтіледі» — дейді ведомства өкілдері.

Талғар-ақпарат