«7-20-25» ипотекасы қашан беріле бастайтыны белгілі болды

«7-20-25» ипотекасы қашан беріле бастайтыны белгілі болды

«7-20-25» ипотекалық кредит беру бағдарламасы мамырда бекітіледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков үкімет отырысынан кейінгі брифинг кезінде мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Жыл ортасында дайындық шаралары толық аяқталып, ары қарай кредит бере бастаймыз деген ойдамын. Бұл кредиттердің алғашқы пулы қалыптасқаннан кейін, бізге қарасты ұйым бұл кредиттерді сатып алады, яғни, механизм іске қосылады», — дейді Смоляков.

Оның сөзінше, бағдарламаны бекіту мамырға жоспарланған.

«Қатысатын банктердің қаржылық жағдайы ескеріледі. Банктер жылына 70-80 миллиард теңге ипотека береді. Бағдарламаны іске асыру арқылы бұл кемінде 30-40 пайызға артады», — дейді ол.

Смоляковтың сөзінше, жаңа бағдарлама құрылысқа тәуелді емес, бірақ, жұмысын «7-20-25» шарттарына сәйкес келетін пәтерлер бойынша «Нұрлы жермен» үйлестіріп отырады.

Талғар-ақпарат