Бүгін Үкімет Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасын мақұлдады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Жол картасының жобасы өткен апта ішінде барлық мемлекеттік органдармен және жергілікті билік органдарымен жан-жақты талқыланды. Сол себептен бүгінгі ұсынылып отырған Жол картасын мақұлдауды ұсынамын», — деді Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев.
Сонымен қатар ол Ұлттық экономика министрлігіне Премьер-Министр Кеңсесімен бірге қажетті өкімді қол қою үшін бүгін өзіне енгізуді тапсырды.
«Іске асыруға дереу кірісуіміз қажет. Ал Парламент қарауына енгізу үшін тиісті заңнамалық өзгерістердің барлығы наурыз айының соңына дейін дайындалуы тиіс. Менің орынбасарларым, өз бағыттарыңыз бойынша істі бақылауға алыңыздар. Ал жалпы бақылау өзімде. Уақытында Үкіметтің жиынына шығарып, қарап отыратын боламыз», — деді Үкімет басшысы.
Айта кетейік, үкімет мүшелері Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасын бірауыздан мақұлдады.
Талғар-ақпарат