Алматыда жатақханадан өрт шықты

Алматыда жатақханадан өрт шықты

Алматыда жатақханалардың бірінде өрт шығып, 230 адам эвакуацияланды, — деп хабарлайды қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Сағат 23.16-да Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегі»101″ пультіне Бостандық ауданы, Габдуллин көшесі, 2-үйде өрт шыққаны жайлы хабар келген. «Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минуттан соң барды, сағат 23.22-де. Төртінші жатақхананың 3-қабатындағы бөлмелердің бірі өртеніп жатқаны анықталды. 230 адам эвакуацияланды», — деп хабарлады Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрттің аумағы — 18 шаршы метр. Өрт өрт бөлімшесі келгенге дейін ауыздықталды. Өртті сөндіру мақсатында жатақхана қызметкерлері өрт сөндіру крандарын қолданды.

Талғар-ақпарат