Ұлықбек Есдаулет: Одақты батып отырған шығындардан құтқаруымыз керек

Ұлықбек Есдаулет: Одақты батып отырған шығындардан құтқаруымыз керек

Қазақстан жазушылар одағының жаңа төрағасы Ұлықбек Есдаулет одақтағы жұмысына қатысты жоспарын айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

— Бірден қиратып тастаймыз, әдебиетті өркендетіп жібереміз деп айта алмаймын. Үлкен-үлкен, биік уәделерді бере алмаймын. «Арық айтып, семіз шық» деген сөз бар. Жазушылар одағы батып отырған шығындардан құтылуымыз керек. Алты ай бойы жазушылар одағының қызметкерлері айлық дегенді көрген жоқпыз. Салық пен жалақыны төлей алмай отырған жазушылар одағына мені төраға етіп сайлап, үлкен жауапкершілік жүктеп қойды. Бұған қатты қуанарлықтай жағдайым жоқ. Мен иығыма түсіп тұрған ауыр жүкті сезіп тұрмын. Ендігі мақсат —  Жазушылар одағының жағдайын түзету. Жазушылардың жағдайын жасау секілді мәселе сонымен қоса жүреді. «Рухани жаңғыруға» байланысты жаңа жобалар жасап, жоғары жаққа ұсынсақ деген ойымыз бар. Қалай болғанда да бойымыздағы барлық күш-жігерімізді, бар талантымызды, тәжірибемізді, жастарымызда бар лапылдаған отты, олардың жаңаша ойлау қабілетін жазушылар одағын жаңа деңгейге көтеруге жұмсаймыз. Әдебиеттің игілігі, дамуы үшін жұмыс істейміз, — деді Ұлықбек Есдаулет.

Талғар-ақпарат