Осы жылы Наурыз мейрамында қазақстандықтар бірден бес күн демалады деп хабарлайды ТалғарАқпарат Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жалпы Қазақстанда мереке 21-23 наурыз күндері тойланады. Бұл күндер жұмыс күндеріне: сәрсенбі, бейсенбі, жұмаға түскендіктен, сенбі мен жексенбі күндері де қоса демалыс болып саналады. Сондықтан қазақстандықтар -21,22,23,24 және 25 наурыз күндері демалады.
Атап өтейік, ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағы бойынша көзделген демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
Талғар-ақпарат