АСТАНА ҚАЛАСЫНДА АДАМ ӨМІРІН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

АСТАНА ҚАЛАСЫНДА АДАМ ӨМІРІН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Кеше 6-ші наурызда Астаналық Департаментте Астаналық ТЖ департаменті бастығы азаматтық қорғау полковнигі Дұзақбаев Барат төрт адамды құтқарған құрылысшыларды «Төтенше жағдайлар ерлігі үшін» төс белгісімен марапаттады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Төтенше жағдайлар ерлігі үшін» төс белгісі азаматтық және қызметтік парызын орындау кезіндегі еңбегі, сонымен қатар адамзат өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі үшін беріледі.
Ақылбек Жақайымов, Руслан Беріков, Дағыстан Әділбек, Жасұлан Байсейтов, Руслан Жалбаков – осындай ерліктері мол адамдар. Дұзақбаев Барат құтқарушыларға үлкен құрметке ие ерліктері мен батылдықтары үшін алғысын білдірді.

 

Еске саламыз, 2 наурызда тоғыз қабатты «NovaCity» ТК жетінші қабаттағы пәтердің 15 ш.м. ауданында үй жиһаздары өртенген болатын. Құрылысшылар түскі астан қайтып келе жатқанда өртті көріп, ойланбастан адамдардың өмірін құтқаруға кіріскен. Төменгі қабаттан батыл азаматтар төрт адамды құтқарып қалды, оның ішінде үш бала бар.
Талғар-ақпарат