Өз үйім — өлең төсегім

Өз үйім  — өлең төсегім

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бағдарлама ретінде заңдық тұрғыдан бекітілер болса, мемлекетіміз де одан сайын айбынданып, ынтымағымыз да нығайған үстіне нығая береді, қоғамымыз да гүлдене түседі. Осындай «Бес бастамадан» тұратын бағдарлама еліміздің барша азаматтарының тұрмыс-тіршілігінде жиып-терген игілігінің одан сайын молая түсуіне кепіл болары сөзсіз. Өз басым оны Үндеу деп емес, ел рухы мен тұрмысының қажыр-қайратын арттырудағы һәм экологияны гүлдендірудегі ширек ғасырдан астам уақыт бойы ұдайы, үзіліссіз-үздіксіз атқарылып келе жатқан мемлекеттік жаңғырудың Елбасы түзген саяси-әлеуметтік һәм экономикалық сатылы бағдарламаларының заңды жалғасы екендігін ұқтым. Көрегенділік пен іскерлік, салиқалы-сабырлы басшылық қабілет нәтижесінде сомдалған сондай сатылы бағдарламалардың арқасында біз әлемдегі аса қуатты елдердің соңғы екі-үш ғасырдай уақыт бойы жүріп өткен жолдарын барынша қысқа уақытта, біліктілік пен бірлікте абыроймен өтіп те үлгердік.

Президентіміздің бұл жолғы тактикалық бағдарламасындағы «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» атты бірінші бастамасы – бабаларымыздың сол, «Өз үйім – өлең-төсегім» даналығына сай атқарылар қарекеттің ғылыми негіздері. Аталмыш бастамадағы «7 – 20 – 25» бағ­дарламасы» – сол алапат шаруаның абыроймен атқарылуына арналған әмбебап механизм.

Оңталап ЖҮКЕЛОВ

ТАжМК арнайы пәндер оқытушысы