Алматы облысында ата-анасының қарауынсыз қалған бала жазатайым оқиғадан көз жұмды

Алматы облысында ата-анасының қарауынсыз қалған бала жазатайым  оқиғадан көз жұмды

Қайғылы оқиға 28 ақпан күні Алматы облысының Сырымбет ауылында  орын алған. Екінші сынып оқушысы мектептен оралғаннан кейін, аулада ойнап жүрген. Сол уақытта ата-аналары үйінде болмаған. Әкесі Алматыда жалдауда жұмыс істейді, ал анасы Текелі қаласында болған. 7 жасар баланың денесін өтіп бара жатқан тұрғындар үй маңындағы арықтан тапқан, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Әзірге Алматы облысының Ішкі істер департаменті оқыс оқиға жайлы ешқандай ақпарат берген жоқ.

«Қазір баланың денесін сараптамалық тексеріске алып кетті, біз жерлеу рәсіміне дайындық үстіндеміз», — дейді ағасы.

Талғар-ақпарат