
Талғар ауданындағы №848 сайлау учаскесінде аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Матан Рахымбергенұлы Бекбосынов дауыс берді.
Өз азаматтық таңдауын жасағаннан кейін ол сайлаудың маңыздылығына тоқталып, әрбір азаматтың ел өміріндегі маңызды қоғамдық науқандарға қатысуы үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

Сондай-ақ ардагерлердің қоғамдағы орны, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсетіп, ел бірлігі мен тұрақтылығын нығайтуға қосатын үлесі туралы пікір білдірді.
Матан Рахымбергенұлының сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруі – азаматтық ұстаным мен қоғамдық белсенділіктің көрінісі.
Ел болашағы – әр азаматтың жауапкершілігінде!

