Бүгінде «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның нәтижесінде өткен жылы аталған сауда орталығына келушілер саны 1 миллион адамнан асқан. Шекаралық аймақтың бүгінгі тыныс-тіршілігі, ондағы қолға алынып жатқан тың жоба-жоспарлар және көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері қандай? Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды, деп хабарлайды ТалғарАқпарат.
«Қорғас» ШЫХО АҚ-ның өкілі Рауан Ақкешиннің айтуынша, бұл орталық сауда-экономикалық, туристік және инвестициялық ынтымақтастығы үшін бірыңғай шекара аймағында құрылған. Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің бірегей ортақ жобасы. Қазір ол жердегі барлық инфрақұрылымдық нысандардың құрылысы толық аяқталып, 2017 жылы 236 гектар резервтік жерлерінің қосылуына байланысты жалпы жобалық жоспарға біраз түзетулер енгізілген. Атап айтқанда, бас жобаға сәйкес 79 құрылыс нысынын салу көзделген. Қазіргі кезде инвесторлар арасында 32 құрылыс нысанына 134,12 гектар жер бөлінген. Оған қажетті 800 млрд. теңге инвестициялардан деп жоспарланса, қазіргі дейін шамамен 443,1 млрд. теңге қаражат тарту келісім-шарттарына қол қойылған. Оның өткен жылы 117 млрд. теңгесі тартылған. Сонымен бірге іскерлік ынтымақтастыққа, мәдени және ғылыми тәжірибе алмасуға, ойын-сауық инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлінген.
Қорытып айтқанда, ондағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырып, орталықтың жұмысын жетілдірілуде, инвесторлардың ашық бизнесін жүргізуге және туристерге келіп кету үшін қолайлы жағдай жасалған.
Талғар-ақпарат