ТАЗАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕПІЛІ

ТАЗАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕПІЛІ

Туған жердің тазалығын сақтау – қоршаған ортаға деген құрметтің және азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Таза әрі жайлы орта қалыптастыру әрбір тұрғынның күнделікті іс-әрекетінен басталады.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызы арта түсуде.

Талғар ауданының тұрғындарын көшелерді, аулаларды және қоғамдық орындарды таза ұстауға, қоқысты белгіленбеген жерлерге тастамауға, табиғи аумақтарға ұқыпты қарауға шақырамыз.

Тазалықты сақтау тек сенбілікпен шектелмейді. Ол – күнделікті дағды мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі.

Таза аудан – таза орта! Тазалықты өзімізден бастайық!