КОНСТИТУЦИЯ: ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

КОНСТИТУЦИЯ: ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

 

Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ғана емес, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін де айқындайды.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қоршаған ортаны қорғау және табиғи байлықтарға ұқыпты қарау мәселесіне ерекше мән берілген.

Ата Заңның 37-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті.

Бұл норма экологиялық мәдениетті қалыптастырудың құқықтық негіздерінің бірі болып саналады.

Оның күнделікті өмірдегі көріністері:

🌱 Қоршаған ортаны қоқыспен ластамау.

🌱 Су мен электр энергиясын үнемді пайдалану.

🌱 Ағаштар мен жасыл желектерге ұқыпты қарау.

🌱 Табиғи аумақтар мен су көздерін қорғау.

🌱 Қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға үлес қосу.

Сонымен қатар Конституцияның 36-бабы әр адамға заңнаманы сақтауды және өзге адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуді міндеттейді.

Демек, табиғатты қорғау – тек экологиялық акцияларға қатысумен шектелмейді. Ол әр азаматтың күнделікті әрекеті мен саналы таңдауынан көрінуі тиіс.

Конституцияны құрметтеу – оның талаптарын білу және күнделікті өмірде орындау!