Интернеттегі алаяқтықтың тәсілдері күн сайын өзгеріп келеді. Алаяқтар өздерін банк қызметкері, мемлекеттік орган өкілі немесе танысыңыз ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіруге тырысады.
Олардың басты мақсаты – жеке деректерге, банк шоттарына және қаржыға қол жеткізу.
Өзіңізді қорғау үшін мына ережелерді есте сақтаңыз:
🔹 SMS арқылы келген растау кодтарын ешкімге айтпаңыз.
🔹 Бейтаныс адамдар жіберген сілтемелерге өтпеңіз.
🔹 Телефон арқылы белгісіз тұлғалардың нұсқауымен ақша аудармаңыз.
🔹 Қашықтан басқару бағдарламаларын бөгде адамның өтінішімен орнатпаңыз.
🔹 Күдікті операция байқалса, банкке дереу ресми байланыс арналары арқылы хабарласыңыз.
Ең маңыздысы – асығыс шешім қабылдамау. Алаяқтар көбіне адамды қорқыту, асықтыру немесе қызықты ұсыныс жасау арқылы алдайды.
Интернеттегі ең мықты қорғаныс – ақпараттық сауаттылық пен сақтық!








