Білім беру саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу – Қазақстанның цифрлық дамуындағы маңызды бағыттардың бірі.
Қазіргі таңда жасанды интеллект білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге жол ашуда. Бұл бағытта елімізде AI-Sana және Tomorrow School сияқты білім беру жобалары жүзеге асырылуда.
🔹 AI-Sana бағдарламасы студенттердің жасанды интеллект саласындағы білімін жетілдіруге, инновациялық ойлау қабілетін дамытуға және жаңа технологияларды тәжірибеде қолдануға бағытталған.
🔹 Tomorrow School – бағдарламалау мен жасанды интеллектіні меңгеруге мүмкіндік беретін тегін білім беру мектебі. Жоба практикалық оқытуға, өздігінен білім алуға және IT саласында кәсіби дағдыларды қалыптастыруға негізделген.
Жасанды интеллектіні білім беру жүйесінде тиімді пайдалану оқу үдерісін жетілдіріп қана қоймай, жастардың болашақ еңбек нарығына бейімделуіне де ықпал етеді.
Білімді ұрпақ – технологиялық дамыған елдің негізі. Жасанды интеллект дәуірінде білім мен инновацияға ұмтылу – жарқын болашақтың кепілі!








