
Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылық күнделікті тәртіптен басталады. Ауладағы, көшедегі, мектептегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіздікке әр адамның әрекеті әсер етеді.
Қарапайым ережелерді сақтау, айналадағы адамдарға құрметпен қарау, қауіпті жағдайды байқаса, немқұрайлы қалмау — қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың маңызды қадамдары.
Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ата-ана, ұстаз және қоғам болып бірге көңіл бөлу қажет.
Қауіпсіздік — бір адамның емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі.

