«Таза Қазақстан» – ортақ міндет, ортақ жауапкершілік

Қоршаған ортаны қорғау және туған өлкенің тазалығын сақтау – барша азаматтың міндеті. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты аялауға және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Тазалық – тек сенбілікпен шектелмейтін ұғым. Ол күнделікті өмір салтына айналып, әр адамның табиғатқа деген жанашырлығынан көрінуі тиіс.

Көшелерді, саябақтарды, өзен жағалауларын таза ұстау, қоқысты белгіленген орындарға тастау және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану – қоршаған ортаны қорғаудың қарапайым әрі маңызды қадамдары.

Таза өлке – жарқын болашақтың кепілі.