Түркістанның мәртебесі көтерілді: Президент маңызды жаңалықты жариялады

 

«ИСЕСКО ұйымының шешімімен киелі Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанбақ. Біз осы бастама аясында түркі өркениетінің рухани үндестігі мен сабақтастығын сақтауға ықпал ететін ауқымды шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент ғалымдарды аталған халықаралық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.