Пхенчханда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы биатлоннан 4х6 шақырым эстафеталық жарысында Беларусь командасы топ жарды. Жеңімпаз команда құрамында қазақ қызы Динара Әлімбекова да бар, деп хабарлайды ТалғарАқпарат ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Динара Әлімбекова 1996 жылы Қарағанды облысы Абай ауданында дүниеге келген. Оның әкесі — қазақ, анасы — беларусь. 3 жасында отбасымен Беларуське қоныс аударған.
Бұған дейін Динара Беларусь құрамасымен Әлем кубогына қатысқан. Жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болған, Беларусь Республикасының спорт шебері.
Талғар-ақпарат