«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘДЕНИЕТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘДЕНИЕТІ

Тазалық – қоршаған ортаның көркі ғана емес, қоғамның мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігінің көрсеткіші. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы табиғатты қорғауға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Айналаны таза ұстау, ағаштар мен жасыл желектерді күтіп-баптау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастау – қоршаған ортаға жанашырлықтың қарапайым үлгілері. Мұндай әдеттерді күнделікті өмірде қалыптастыру арқылы табиғатты қорғауға әр адам өз үлесін қоса алады.
Экологиялық акциялар мен сенбіліктер тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады. Әсіресе жас ұрпаққа табиғатты аялаудың маңызын түсіндіру – болашақ үшін маңызды қадам.
Таза көшелер, көрікті аулалар мен күтімді қоғамдық орындар – баршаға ортақ игілік. Сондықтан тазалықты тек белгілі бір күнгі акциямен шектемей, күнделікті өмір салтына айналдыру қажет.
Таза Қазақстан – әр азаматтың тазалықтан басталатын жауапкершілігі.