Райымбек ауданында барлығы 1 мың 318 шақырым жол бар. Оның ішінде республикалық маңызы бар 274 шақырым, облыстық маңызы бар 537 шақырым, ауыл ішіндегі 507 шақырым жол. Республикалық маңызы бар Жалаңаш- Саты – Көлсай автокөлік жолдарының 21 шақырымын орташа жөндеуге 483,5 млн теңге, 43 -78 шақырымын күрделі жөндеуге 766,9 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, Көкпек-Кеген – Түп автокөлік жолдарының 41-53 шақырымын және 88-99 шақырымын күрделі жөндеуге 907,2 млн теңге, Кеген – Нарынқол автокөлік жолдарының 49 шақырымын орташа жөндеуге 241,7 млн теңгеге жөндеу жұмысы жүргізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Райымбек ауданының әкімі Омаров Жолан баяндады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
2018 жылы Республикалық маңызы бар Жалаңаш- Саты – Көлсай автокөлік жолдарының 43 -78 шақырымын күрделі жөндеуге 2 млрд 22 млн теңге, Көкпек- Кеген – Түп автокөлік жолдарының 41-53 шақырымын және 88-99 шақырымына күрделі жөндеуге 2 млрд 389 млн теңге, жөндеу жұмыстарына 4 млрд 411 млн теңге қаралды.
Сонымен қатар, облыстық маңызы бар Кеген — Жалаңаш автокөлік жолын 31-57 шақырымына орташа жөндеуге 44 млн теңге қаралды.
«Қазіргі таңда Қазақстанның жолдары басты назарда отыр. Оның ішінде Райымбек ауданының маңызы бар жолдарын жөндеу тек өзіміз үшін ғана емес, аймақтық туризмнің дамуына да септігін тигізеді. Себебі, туристтік жерге бару үшін бірінші жолдардың стандартқа сай және ыңғайлы болуы қаралады», — деп қорытындылады Ж.Омаров.
Талғар-ақпарат