ЖАСТАР – ИГІ ІСТЕРДІҢ БАСТАУЫНДА!

ЖАСТАР – ИГІ ІСТЕРДІҢ БАСТАУЫНДА!

Талғар ауданында «Әділет» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетуге бағытталған іс-шара өтті.

Іс-шараға белсенді жастар қатысып, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға, қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеуге өз үлестерін қосты.

Кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жылы лебіздер айтылып, құрмет көрсетілді. Жастардың қатысуы – өскелең ұрпақтың азаматтық белсенділігін арттыруға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге және қоғамдағы бірлік пен өзара қолдауды нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Жастар – ел болашағы, қоғамның қозғаушы күші. Олардың осындай игі бастамаларға белсенді араласуы мейірімділік пен адамгершілік қағидаттарының кеңінен таралуына ықпал етеді.

Бірлік пен жанашырлық бар жерде – береке бар! Әрбір азаматқа құрмет көрсету және қолдау білдіру – баршамызға ортақ міндет.