Алматы облысында қар құрсауынан 11 адам құтқарылды

Алматы  облысында қар құрсауынан 11 адам құтқарылды

Алматы облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 9472 км құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар – 2529 км, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар – 6953 км. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау подполковнигі Қатышева Толкын айтты, — деп хабарлайды ТалғарАқпарат.

Қысқы кезеңде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қалыпты жағдайда ұстау Жол пайдалану басқармасы бойынша жол телімдері бекітіліп «ҚазАвтоЖол» РМК АҚ Алматы облыстық филиалына жүктелген. Облыс аумағында жалпы алғанда 8 ЖПБ бар.

Облыстық маңызы бар автожолдарды қысқы қамтамасыз етумен 11 медігерлік мекемелер айналысады.

Қысқы кезеңде республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қалыпты жағдайда ұстау барысында тайғаққа қарсы материалдар, ЖЖМ даярланып, арнайы техникалармен жабдықтырылған.

«Сонымен қатар, биылғы жылы Алматы облысының су қоймаларында мұздың опырылып түсуінен, автокөліктердің су астына кетіп қалуы жиі тіркелді. Атап айтқанда, Қапшағай су қоймасында 4 оқиға, Алакөл көлінің жағалауында 1 көлік оқиғасы тіркелген. Адамдар аман-есен тек көліктері зардап шегіп, соларды шығару жұмыстары өткізілді. Төтенше жағдайлар комитеті қар құрсауынан 11 адамды құтқарды. Азаматтардың мұздың қалыңдығына қарамастан, қауіпсіздік шараларын сақтамағанның себебінен осындай жағдайлар орын алып жатады», — деп қорытындылады Т.Қатышева.

Талғар-ақпарат