Баталов: «Биылғы жылы ет экспортының жоспарын орындау – басты міндет»

Баталов: «Биылғы жылы ет экспортының жоспарын орындау – басты міндет»

Алматы облысында мал шаруашылығы тұрақты дамып, 2017 жылы «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы 147%, «Алтын асық» — 159, «Құлан» — 127% орындалды. Осының барлығы мал басының орта есеппен 3,5%-ға  өсуіне мүмкіндік беріп, ауыл азаматтарының жыл бойы жұмыспен қамтылуына ықпал етті. Бұл туралы облыс әкімі А. Баталов тұрғындар алдындағы есеп беру жиынындағы баяндамасында айтты, — деп хабарлайды ТалғарАқпарат Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс басшысының айтуынша, бүгінде өңірде 51 мың бас ірі қараға арналған 78 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Ендігі басты міндет – ет экспортының жоспарын орындау.

«Биылғы жылы ирандық «Империя Фуд» компаниясының ет өңдейтін кешенін іске қосу арқылы бұл міндетті орындайтын боламыз. Кешен жобалық қуатына сай жылына 8 мың тонна дайын өнім шығара алады. Биылғы жылдың өзінде шет елдерге 700 тоннаға дейін ет экспорттауды жоспарлап отырмыз», — деді А. Баталов.

Талғар-ақпарат