Жетісуға келетін туристер саны биыл 2 миллионға жетеді — Амандық Баталов

Жетісуға келетін туристер саны биыл 2 миллионға жетеді — Амандық Баталов

Өткен жылы Алматы облысына келген туристер саны 1,5 млн адам болса, соның ішінде 750 мыңнан астам адам Алакөлдің үлесінде. Демалуға Жетісуды қолайлы көретіндердің саны биыл 2 миллионға жетеді деп межеленіп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов тұрғындармен болған есепті кездесуінде айтты, — деп хабарлайды ТалғарАқпарат Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.

Туризмде іргелі мақсаттарға қол жеткізу үшін биылғы жылы екі ірі жоба қолға алынған. Олар – Алакөл көлі жағалауында инвестиция көлемі 10 млрд теңге болатын «Феникс» ЖШС-ның демалыс аймағы, сонымен қатар Еңбекшіқазақ ауданында жобалық қуатына сай күніне 5 мың адамды қабылай алатын «Есік» тау шаңғы курорты, жобаның құны — 64 млрд теңге.

Айта кетсек, Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымын дамытуға жергілікті бюджеттен 4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Теміржол қатынасы ұйымдастырылып, Үшарал қаласында әуежай салынды, темір жол вокзалының құрылысы басталды.

Талғар-ақпарат