БҚО-да биыл 2600 тонна ет экспорттау көзделуде

БҚО-да биыл 2600 тонна ет экспорттау көзделуде

Батыс Қазақстан облысында биыл 2600 тонна ет экспорттау көзделуде, деп хабарлайды ТалғарАқпарат «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Халиуллиннің айтуынша, соның ішінде 2420 сиыр және 180 тонна  қой еті жөнелтілмек. Жалпы, батысқазақстандық кәсіпорындар етті негізінен Иран, Армения, Беларусь, Ресей Федерациясы қалаларына шығаруда. Өткен жылы 1700-ден астам сиыр және 505 тонна қой еті экспортталды.

Талғар-ақпарат