20 ақпанда Қызылордада көктайғақ салдарынан жолаушылар автобусы аударылып кетті. Автобуста жолаушылар болған, ешкім ауыр жарақат алған жоқ, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Екі тұрғын Қызылордадағы облыстық медициналық орталықтың көмегіне жүгінген. Төтенше жағдайдың салдарынан екеуінің миы шайқалған. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Ауруханаға жатудан бас тартты. Жол-көлік оқиғасынан басқа ешкім зардап шеккен жоқ», — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.
Талғар-ақпарат