Зал толтыру үшін жинайды: Қарағандылық мұғалім жанайқайын айтты

Зал толтыру үшін жинайды: Қарағандылық мұғалім жанайқайын айтты

Бүгін мұғалім мәртебесін арттыру мәселесі талқыланып жатқан Мәжіліс отырысында Қарағанды облысы Осакаровка кенті №12 орта мектебі базасындағы тірек мектебінің мұғалімі Азат Игенов бірқатар мәселелерді айтып өтті деп хабарлайды Baq.kz.

«Бүгінде мұғалімдер сенбілікке шығып, өзге қаладан, облыстан келген әртүрлі қонақ қатысатын есеп беру кездесулерінде залды толтыруға жинайтын болса, олардың мәртебесін көтеру туралы айтудың не қажеті бар. Бұл мәселе бізде бар қазір. Сонымен бірге жаппай мұғалімдер «армиясы» жыл сайын республикалық, облыстық, аудандық газеттердің бәріне жазылады. Бұл мәселе көтерілсе де, әлі бір шешім жоқ», — деді мұғалім.

Бұл сұраққа мәжіліс депутаты Бейбіт Мамраев жауап берді

«Сенбілік, қоғамдық шараларға қатысу туралы айтсақ, біз де кезінде мектепте білім алдық, мұғалім бейнесі әлі жадымда. Ұстаз әрқашан да бізге үлгі болды. Бұл — біріншіден. Екіншіден, ұстаз – қоғамдық маңызды тұлға.

Құрметті әріптестер, мұны есту сіздерге ұнамаса да, қоғамда дұрыс, қажетті, рухани және басқа да құндылықтарды алып жүретін педагог мамандығының мәнін тағы да еске салғым келеді. Осында бар БАҚ өкілдері мұны әрі қарай ушықтырмайды деп ойлаймын, бұл міндеттерді ұстаздар орындауға міндетті, бұл менің жеке көзқарасым», — деді депутат Бейбіт Мамраев.

Талғар-ақпарат