Екі қазақстандық кәсіпкер Қытай азаматтарының 1 млрд теңгесін иемденіп алды деген күдікке ілінді

Екі қазақстандық кәсіпкер Қытай азаматтарының 1 млрд теңгесін иемденіп алды деген күдікке ілінді

«Базис Алатау» ЖШС басшылары үш Қытай азаматының 1 млрд теңгесін иемденіп, алаяқтық жасады деген күдікке ілікті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«ҚР Бас прокуратурасының арнайы прокурорлар қызметі «Базис Алатау» ЖШС басшылары Б.Баймұханов, Г.Нәбиева және басқаларға қатысты Қытайдың үш азаматы Хэ Хан Вей, Линь Нуцзы және Ван Джунға алаяқтық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп атап өтілген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу материалдарына сәйкес, Б.Баймұханов пен Г.Нәбиева «Қорғас» ШЫХО аумағында инвестициялық объектілерді салу және жер учаскелерін жалға беру туралы келісімдер жасауға және ойын бизнесін жүргізу үшін рұқсат алуға көмектесеміз деген сылтаумен үш қытайлық азаматтың 1 млрд. теңге көлеміндегі қаржысын иемденіп кеткен.

Күдікті Б.Баймұханов пен Г.Нәбиева 2018 жылдың 20 ақпанында ұсталып, соттың санкциясымен тұтқындалған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Талғар-ақпарат