
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүгін Талғар ауданы аумағында аудан прокуратурасы мен Полиция басқармасының бірлескен рейдтік іс-шаралары жүргізілуде.
Рейд барысында заңнама талаптарының сақталуы тексеріліп, құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, сондай-ақ тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мұндай іс-шаралар аудандағы құқықтық тәртіпті нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

