Интернет-алаяқтыққа қарсы сақ болайық!

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адамдардың өмірін жеңілдеткенімен, интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің көбеюіне де себеп болып отыр. Интернет-алаяқтық – азаматтардың жеке деректерін немесе ақшасын заңсыз жолмен иемденуге бағытталған қылмыс түрі.

Алаяқтар өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы өкілі немесе түрлі ұйымдардың маманы ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіруге тырысады. Олар телефон арқылы хабарласып немесе әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған сілтемелер жіберіп, банк картасының нөмірін, құпия кодтарын және жеке мәліметтерін сұратады. Кейбір жағдайларда жалған интернет-дүкендер ашып, тауар үшін алдын ала төлем алып, кейін байланысқа шықпай қояды.

Мұндай қылмыстардың құрбаны болмау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Ешқашан бөгде адамдарға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және құпия сөздерді бермеңіз. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, белгісіз сайттардан сатып алу жасамаңыз. Интернеттегі ақпараттың шынайылығын міндетті түрде тексеріп отырған жөн.

Егер алаяқтық әрекетке тап болсаңыз немесе күмәнді жағдайды байқасаңыз, дереу банкке және құқық қорғау органдарына хабарласу қажет. Уақытылы жасалған әрекет қаржылық шығынның алдын алуға көмектеседі.

Интернет кеңістігін қауіпсіз пайдалану – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Қырағылық танытып, жеке мәліметтеріңізді қорғау арқылы өзіңізді және жақындарыңызды интернет-алаяқтардың арбауына түсуден сақтай аласыз. Интернеттегі қауіпсіздік – заман талабы.