Аманатқа қиянат жасамайық!

Аманатқа қиянат жасамайық!

«Тіл – ұлттың рухани қазынасы» деп айтқанда алдымызға жан салмаймыз. Аға буынмен қатар жастар да қалыспайды. Дегенмен сол пікірге орай ісіміз дөп түсіп жатыр ма? Жиындарда ғана жалаулатып айтқанымызбен, былай шыға бере ресми тілге көшетініміз жасырын емес. Өзімнің замандастарымнан-ақ байқаймын, мұ ны. Алдымен əрбір жан тіліне деген құрмет сезімін арттырмаса, анамыздың ақ сүтімен келген тілді құрметтемесе – рухани азғандығымыз деп білемін.

Біз ана тіліміз арқылы өсіп, ержетеміз. Біздің тіліміз соншалықты бай болғанын мақтан тұтамын. Біздің мақсатымыз – дамыған елдердің қатарында болу. «Өз алдына ел болуға өзінің тілі, əдебиеті бар ел ғана жарай алады» деп, А.Байтұрсынов айтқандай, өркениетті елдер қатарына қосылуымыз үшін өз тіліміздің деңгейі жоғары болуы керек. Оны жүзеге асыратын біздер – жастар. Сондықтан ұлт тілін ұлықтап, құрметтеу біздің азаматтық қана парызымыз емес бабалар тапсырған аманат. Аманатқа қиянат жасау – күнə.

Айман Дуанбекқызы

оқырман