Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды ТалғарАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективасын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырды.
Талғар-ақпарат