БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВА: ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІНІҢ ІШІ ТАР БОЛАДЫ(видео)

БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВА: ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІНІҢ ІШІ ТАР БОЛАДЫ(видео)

Әнші  Бибігүл Ахметқызы Төлегенова СЫРЛАСУ бағдарламасына берген сұхбатында «Қазақ жігіттерінің іші тар болады» — деп өз ойын айтты дейді ТалғарАқпарат.

Б.Төлегенова жүргізушінің өнердегі қазақ қыздарының отбасылы болуы қиын шығар деген сұрағына:

— Өте қиын. Вообще өте сирек кездеседі… Біздің қазақ жігіттерінің іші тар болады. Енді жігіттердің көңіліне келмесін. Бәлкім менің бағыма ондай жігіт келмеген болу керек. Бірақ та біздің қазақтың жігіттерінің көбі әйелі үйде отырып, арқасынан қарап, алдында отырғанды жақсы көреді. Кей-кезде біз қонаққа барған кезде Бибігүл Төлегенованың күйеуі десе, үйге келіп бытшытымды шығаратын. Неге олар сөйтеді, неге олар айтпайды ананың қатыны деп. Сосын мен айтамын, ну какая розница сенің қатының ба, менің күйеуім бе? Мен айтам екі адам болғаннан кейін… Ол жоооқ деп кетеді. Сосын мен ойладым, мммм менің бағыма мені түсінетін еркек кездеспесе қойсын деп, — дейді Халық әртісі Бибігүл Ахметқызы.

Әнші үш рет тұрмысқа шыққан. Бірақ үш некесі де сәтсіз болған. Бірінші күйеуі ішіп, маскүнемдікке салынып кеткен. Әншіні қызғанып, қол көтерген. Жұмысына іздеп барып та шу шығарған кездері болған екен. Ал екінші жолдасы әншінің айтуынша біреулердің айдақтауымен Мұхаметжан Қаратаевқа қызғанып, қол көтерген. Араларына түсіп анасының сөзін сөйлеген қызында ұрған. Соның салдарынан қызы екеуі де ауруханадан бірақ шыққан. Ондайға жан-дүниесі қарсы Б.Төлегенова балаларын алып анасына кетіп қалған екен. Үшінші некесі де дұрыс болмапты.

Әншімен болған сұхбаттың толық нұсқасы: