«Томирис» фильмінде сақ патшайымының рөлін сомдайтын актриса белгілі болды, деп xабарлайды Today.kz Ақан Сатаевтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасай отырып.
«Зор қуанышпен басты кейіпкерді сомдайтын актрисамен таныстырғым келіп тұр. Ол 1990 жылы туған Алмира Тұрсын. Мамандығы коуч-псиxолог», – дейді режиссер.
Режиссердің айтуынша ол былтыр мамыр айында Астанадағы жалпықазақстандық кастингке келіп, бірінші турдан өткен.
Ал қыркүйек айында режиссерлік бейне байқауға қатысып, екінші турдан да сәтті өткен.
Ал үшінші тур жаттығу лагерінде жалғасқан. Өткен жылдың желтоқсанында фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаева мен туынды режиссері Ақан Сатаев Алмираны Томирис рөліне бекіткен.
«Қазір актерлік топ дайындық үстінде. Актерлік шеберлік пен трюктарды үйреніп, жаттығып жатыр. Бұл Алмираның дебюті. Алла жар болсын!» – дейді режисер Ақан Сатаев.
Талғар-ақпарат