
Бүгін Талғар ауданы аумағында «Таза Қазақстан акциясы» аясында кең ауқымды экологиялық шаралар ұйымдастырылды. Аталған бастама өңірдің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында өткізілуде.
Акция барысында аудан тұрғындары, жастар ұйымдары, еріктілер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен кәсіпорын ұжымдары бірлесе отырып, көшелерді, аулаларды, саябақтар мен қоғамдық орындарды тазарту жұмыстарына белсене қатысты. Қоқыстар жиналып, ағаш көшеттері отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – табиғатты қорғау ісіне қоғам назарын аудару және әрбір азаматтың туған жеріне деген жауапкершілігін арттыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, экологиялық тәрбие мен сананы қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Айта кету керек, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Бұл бастама – таза қоршаған орта мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Талғар ауданының тұрғындары аталмыш шараға белсенді қатысу арқылы туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Табиғатты аялау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.


