Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясы барысында 35 тонна қоқыс полигонға жөнелтілді

 

«AMANAT» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық филиалы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жобасы аясында Бәйдібек би ауылында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастырды.

Тазалық жұмыстарына аудан әкімі, партия мүшелері, мәслихат депутаттары және ауыл тұрғындары қатысты. Акция барысында елді мекен аумағы толық қамтылып, қоқыс жиналды. Сонымен қатар ағаш түптері қопсытылып, жасыл желек суарылды. Қатысушылар демалыс орындарындағы орындықтарды тазалап, сынған бұтақтарды жинады.

Нәтижесінде 250-ге жуық адам 12 гектар аумақты қоқыстан тазартып, шамамен 35 тонна қалдықты арнайы полигонға жөнелтті. Іс-шараға 10 арнайы техника жұмылдырылды.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Серік Нұрқадыровтың айтуынша, экологиялық мәселелерді шешу – партияның сайлауалды бағдарламасында айқындалған маңызды басымдықтардың бірі.

«Жыл басынан бері партиялық жоба аясында 5 мыңнан астам тұрғын экоакцияға қатысып, 250 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналды. Сонымен қатар 3 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды. Бұдан бөлек, сайлауалды бағдарлама аясында өңірдегі рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін толық жою жоспарланып отыр. Сондай-ақ барлық ауданда қоқысты сұрыптауға және құрамында сынабы бар қалдықтарды жинауға арналған кемінде 1 000 контейнер орнатылады», – деді Серік Нұрқадыров.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында өңірде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жүйелі түрде өткізіліп келеді. Мыңдаған тұрғын табиғатты таза ұстауға белсенді үлес қосып жүр.

 

В Алматинской области в рамках акции «Таза бейсенбі» очищено 12 гектаров территории

В селе Байдибек би Енбекшиказахского района филиал партии «AMANAT» организовал экологическую акцию «Таза бейсенбі» в рамках проекта «Таза Қазақстан», реализуемого по инициативе Главы государства Касым-Жомарта Токаева.

В работах по уборке приняли участие аким района, члены партии, депутаты маслихата и жители села. В ходе акции на всей территории населенного пункта собрали мусор, привели в порядок приствольные участки деревьев и полили зеленые насаждения. Участники также очистили скамейки в зонах отдыха и собрали сломанные ветки.

В результате около 250 человек очистили от мусора 12 гектаров территории, а порядка 35 тонн отходов были вывезены на специальный полигон. В мероприятии было задействовано 10 единиц специальной техники.

По словам исполнительного секретаря Алматинского областного филиала партии «AMANAT» Серика Нуркадырова, решение экологических проблем является одним из важных приоритетов, отраженных в предвыборной программе партии.

«С начала года в рамках партийного проекта в экологических акциях приняли участие более 5 тысяч жителей, собрано около 250 тонн бытовых отходов. Кроме того, высажено более 3 тысяч саженцев деревьев. Наряду с этим в рамках предвыборной программы планируется полностью ликвидировать несанкционированные свалки в регионе. Также во всех районах будут установлены как минимум 1 000 контейнеров для раздельного сбора мусора и сбора отходов, содержащих ртуть», – отметил Серик Нуркадыров.

Стоит отметить, что в рамках общенационального проекта «Таза Қазақстан» экологическая акция «Таза бейсенбі» в регионе проводится на системной основе. Тысячи жителей активно участвуют в мероприятиях по сохранению чистоты окружающей среды.