Алматы облысында шаруа қожалығының бір жарым жыл бойы ала алмай келген субсидиясы төленді. Мемлекеттен тиесілі қаржыны ала алмай жүрген кәсіпкердің мәселесі араға уақыт салып оң шешімін тапты. Анықталғандай, шаруақожалыққа тиесілі субсидия ұзақ уақыт бойы төленбей, кәсіпкердің заңды құқығы бұзылған. Осыған байланысты қызмет алушы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысының департаментіне шағымданған.
Шағым негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, өтініш берушіге субсидияның тек бір бөлігі ғана төленіп, қалған қаржы уақытылы берілмеген. Бұдан бөлек, төлем кезектілігі сақталмай, кейін өтініш берген өзге қожалықтарға қаражат кезектен тыс аударылған.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, субсидиялар белгіленген кезек тәртібімен төленуі тиіс. Алайда Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан бұл талаптар ескерілмеген.
Нәтижесінде, шаруа қожалығы 1,5 жыл бойы өзіне тиесілі қаражаттан қағылып, құқықтары өрескел бұзылған.
Мәселен, кәсіпкер 2024 жылдың қазан айында өтініш берген. Ал субсидия төлеуге қаражат 2025 жылдың ақпанында бөлінгенімен, жауапты орган тарапынан тиісті төлем жүргізілмегені анықталды.
Тек уәкілетті органның араласуынан кейін ғана, 2026 жылдың ақпан айында шаруашылыққа 1 миллиард теңге көлемде қаражат аударылып, кәсіпкердің құқығының бір бөлігі ғана қалпына келтірілді.
Департамент бұл бағыттағы жұмыстарды кәсіпкердің құқықтары толық қалпына келгенше бақылауда ұстайды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Сержан Ерғалиұлы Атайбеков
Спорный миллиард: в Алматинской области решена проблема с субсидиями, средства выплачены крестьянскому хозяйству.
В Алматинской области крестьянскому хозяйству выплачена субсидия, которую оно не могло получить на протяжении полутора лет. Вопрос предпринимателя, длительное время не получавшего причитающиеся ему государственные средства, разрешен при вмешательстве уполномоченного органа.
Как установлено, субсидия, причитавшаяся крестьянскому хозяйству, продолжительное время не выплачивалась, в результате чего были нарушены законные права предпринимателя. В этой связи услугополучатель обратился с жалобой в Департамент Агентства по делам государственной службы по Алматинской области.
По результатам внеплановой проверки, проведенной на основании обращения, выявлен ряд нарушений. В частности, заявителю была выплачена лишь часть субсидии, тогда как оставшаяся сумма своевременно не перечислена. Кроме того, установлены факты несоблюдения очередности выплат средства направлялись другим хозяйствам, подавшим заявки позднее.
В соответствии с действующим законодательством, выплата субсидий должна осуществляться в порядке установленной очередности. Однако Управлением сельского хозяйства Алматинской области данные требования не были соблюдены.
В результате крестьянское хозяйство на протяжении 1,5 лет не получало причитающиеся ему средства, что привело к существенному нарушению его прав.
Так, заявка предпринимателя была подана в октябре 2024 года. Несмотря на выделение бюджетных средств на выплату субсидий в феврале 2025 года, соответствующие выплаты уполномоченным органом произведены не были.
Лишь после вмешательства Департамента в феврале 2026 года крестьянскому хозяйству выплачена сумма в размере 1 миллиарда тенге. Права предпринимателя восстановлены.
В настоящее время Департамент продолжает контроль за ситуацией до полного восстановления прав услугополучателя.
Атайбеков Сержан Ерғалиұлы главный специалист
Департамента Агентства Республики Казахстан по
делам государственной службы по Алматинской
области

