
2026 жылға арналған жедел ахуалды талдау Талғар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қоғамның кеңінен қатысуына бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігін көрсетті. Соның ішінде интернет-алаяқтық қылмыстары өзектілігін сақтап отыр.
Осыған байланысты Талғар аудандық полиция басқармасының киберполиция бөлімшесі ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарды талдау және тіркеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Сонымен қатар банктермен және ұялы байланыс операторларымен өзара іс-қимыл ұйымдастырылып, алаяқтар пайдаланатын күмәнді шоттар, күдікті қаржылық операциялар мен SIM-карталарды бұғаттау шаралары қолға алынған.
Ал учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстар әлеуметтік желілер арқылы ақпарат тарату, үй-үйді аралау және тұрғындармен кездесулер өткізу форматында жүзеге асырылуда. Халыққа «Интернет-алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек?» тақырыбында арнайы жадынамалар таратылып, алаяқтардың жаңа айла-тәсілдері туралы ақпарат берілуде.
Статистикалық деректерге сәйкес, аудан аумағында ауыр қылмыстар саны 33-тен 123-ке дейін артқан. Бұл көрсеткіш көпэпизодты алаяқтық қылмыстардың тіркелуімен байланысты. Атап айтқанда, «ИП Умка» ісі бойынша 2003 жылы туған азаматшаға қатысты 94 эпизод тіркелген.
Сонымен бірге интернет-алаяқтық фактілерінің өсімі тежеліп, көрсеткіш 44,8 пайызға төмендеген (29-дан 16 жағдайға дейін). Бұл жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралардың тиімділігін көрсетеді.
Дегенмен, бүгінгі күні бірқатар өзекті мәселелер сақталуда. Олардың қатарында тұрғындардың, әсіресе егде жастағы азаматтардың цифрлық сауаттылығының төмендігі, алаяқтардың шетелдік серверлер мен анонимді нөмірлерді пайдалануы, ұрланған қаражатты жедел қайтарудың күрделілігі және алаяқтық схемалардың үнемі өзгеріп отыруы бар.
Осыған байланысты құқық қорғау органдары тарапынан егде жастағы азаматтар арасында несиелерден ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Тоқта, алаяқ!» атты тұрақты профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ тұрғындарды қаржылық қауіпсіздік негіздеріне үйрету бағытындағы жұмыстар жалғаса бермек.
В Талгарском районе усилены профилактические меры против интернет-мошенничества
Анализ оперативной обстановки на 2026 год показал необходимость усиления системной профилактической работы, направленной на широкое вовлечение общества в обеспечение общественного порядка на территории Талгарского района. В частности, сохраняет актуальность проблема преступлений, связанных с интернет-мошенничеством.
В этой связи подразделение киберполиции Управления полиции Талгарского района на постоянной основе проводит анализ и регистрацию преступлений в сфере информационных технологий. Кроме того, налажено взаимодействие с банковскими организациями и операторами сотовой связи, принимаются меры по блокированию подозрительных счетов, сомнительных финансовых операций и SIM-карт, используемых мошенниками.
Участковые инспекторы полиции проводят широкомасштабную разъяснительную работу среди населения. Профилактика осуществляется через распространение информации в социальных сетях, подворовые обходы и проведение встреч с жителями. Гражданам раздаются специальные памятки на тему «Как не стать жертвой интернет-мошенников?», а также доводится информация о новых схемах и способах обмана.
Согласно статистическим данным, на территории района количество тяжких преступлений увеличилось с 33 до 123. Данный рост связан с регистрацией многоэпизодных мошенничеств. В частности, по делу «ИП Умка» в отношении гражданки 2003 года рождения зарегистрировано 94 эпизода.
Вместе с тем отмечается сдерживание роста интернет-мошенничества: показатель снизился на 44,8 процента — с 29 до 16 фактов. Это свидетельствует об эффективности проводимых профилактических мероприятий.
В то же время сохраняется ряд актуальных проблем. Среди них — низкий уровень цифровой грамотности населения, особенно граждан пожилого возраста, использование мошенниками зарубежных серверов и анонимных номеров, сложность оперативного возврата похищенных денежных средств, а также постоянное изменение мошеннических схем.
В связи с этим правоохранительными органами проводится разъяснительная работа среди граждан пожилого возраста о возможности добровольного отказа от оформления кредитов. Организуются на постоянной основе профилактические мероприятия под условным названием «Стоп, мошенник!». Также будет продолжена работа по обучению населения основам финансовой безопасности.

