Алматы облысының Талдау және болжау орталығы мен Қоғамдық пікірді талдау орталығы мекемелерінің арасында келісім меморандумына қол қойылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды, — деп хабарлайды Талғар-ақпарат.
Алматы облысының әкімдігінің қолдауымен Талдау және болжау орталығының жұмыс жасап жатқанына 1 ай болды. Осы уақыт аралығында алдына стратегиялық жоспарды мақсатты түрде қойып, жүзеге асырып келеді. Орталықта жұмыс атқаратын азаматтардың зерттеуге деген сапалық деңгейін арттыру мақсатында түрлі семинар тренингтер өтуде. Оның бағыты сапалық зерттеу әдісін, сандық зерттеу әдісін, далалық кезеңді ұйымдастыру, SPSS бағдарлама қондырғысы арқылы алынған мәліметтерді өңдеп, содан белгілі бір қорытынды шығару.
«Алматы облысы бойынша зерттеу жұмыстарын мемлекеттік емес ұйымдар іске асырады. Яғни, лот арқылы жүзеге асырылып,өзінің берілген қаражат есебінде сол зерттеуді толығымен аяқтап беруге тырысу зерттеу орталығының алдында тұрған басты мақсаты. Құрамымыздағы мамандарды белгілі бір зерттеу жұмысына дайындап, бір категорияға бөліп, зерттеуді үлкен бағдарлама ретінде кезеңмен өткізіп, дұрыс мәлімет алуға дайындау. Ол мәліметтер болашақта облысымыздың басқарма басшыларына және басқа мекемелерге өзінің жоспарын құруға септігін тигізеді деген ойдамыз. Осыған қоса альтернатива деген стратегия Қазақ Ұлттық Университеті қабырғасында осындай зерттеу орталықтары ашылды», — деп қорытындылады Талдау жән болжау ортылығының басшысы Игенбай Айдос.
Талғар-ақпарат