Талғар ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары күшейтілуде

Талғар ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау бағытында кешенді профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Есептік кезең қорытындысы бойынша аудандық полиция басқармасында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған 12 қылмыс тіркелген. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға қатысты 4 қылмыс анықталған. Бір кәмелетке толмағанның хабар-ошарсыз жоғалу фактісі тіркеліп, іздеуде болған барлық тұлғалар табылды.

Жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде Талғар аудандық орталық ауруханасының суицидологтары мен психологтарының қатысуымен жасөспірімдер арасында аяқталған суицид немесе суицидке әрекет ету жағдайлары 2026 жылдың қаңтар айында тіркелмеген.

Мамандардың пікірінше, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың орын алуына әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қолайсыздығы, қатарластарының теріс ықпалы, психологиялық және эмоциялық қиындықтар сияқты факторлар әсер етеді.

Осыған байланысты бақылауды күшейту мақсатында «Подросток-1» шартты атауымен жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді және жергілікті рейдтер ұйымдастырылды. Тексеру үшін полиция басқармасына 171 кәмелетке толмаған жеткізіліп, 313 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, ата-аналардың немесе заңды өкілдердің тәрбиелеу және оқыту міндеттерін орындамауы бойынша 43 тұлға жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың болуына жол берген 47 тұлғаға қатысты шара қолданылды. Сонымен қатар қоғамдық орындарда мас күйде болған немесе алкоголь тұтынған 2 жасөспірім анықталды. Кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сату бойынша 1 факт тіркелді.

Аудан аумағында мобильді топ белсенді жұмыс атқаруда. Оның құрамына прокуратура, білім бөлімі, отбасыны қолдау орталығы және қорғаншылық-қамқоршылық органдарының өкілдері енгізілген. Топ апта сайын әлеуметтік осал және қолайсыз отбасыларды тексеріп, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық, психологиялық әрі әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі уақытта есепте 40 қолайсыз отбасы тұр, онда 112 кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде. Бір жасөспірімге қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған. Әртүрлі санаттар бойынша полиция есебіне 7 кәмелетке толмаған қойылған.

Сонымен қатар прокуратура, білім беру органдары және Алматы облысы полиция департаментінің бейінді қызметтерімен бірлесіп оқу орындарында кездесулер ұйымдастырылуда. Бұл шаралар жасөспірімдерді есірткі қылмыстарына, терроризмге, жыныстық сипаттағы құқық бұзушылықтарға тартудың алдын алуға, буллингке қарсы іс-қимылға және жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Жалпы құқықтық тақырыптарда 63 кездесу өткізіліп, 36 анонимді сауалнама жүргізілді. Бұл шаралармен 998 оқушы қамтылды.

Бұдан бөлек, жасөспірімдер арасында әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізіліп, есірткі құралдарын насихаттайтын немесе өзге де заңсыз контентті анықтау жұмыстары қолға алынған. Қаңтар айының қорытындысы бойынша мұндай фактілер тіркелмеген.

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы мен Балалар жылы аясында «Болашақ үшін жауапкершілік» жобасы әзірленді. Жоба бұрынғы полиция қызметкерлерінің қатысуымен оқушылардың тұлғалық дамуына ықпал етуге, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың, буллингтің және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарында 516 оқушыны біріктірген 48 «Жас полиция көмекшілері» жасағы құрылған.

Айта кетейік, Талғар ауданында жалпы саны 61 803 жасөспірім тұрады, олардың 55 345-і мектеп жасында. Ауданда 47 орта мектеп, 7 колледж, 2 жекеменшік лицей және 9 жеке мектеп жұмыс істейді. Мектепке дейінгі 201 ұйым қызмет көрсетіп, онда 8 485 бала тәрбиеленуде.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық оқу орындарында 2 137 бейнебақылау камерасы орнатылған. Барлық мектептер турникеттермен жабдықталған, олардың бір бөлігінде Face ID жүйесі енгізілген. Сондай-ақ «сенім жәшіктері» мен дабыл түймелері орнатылып, полицияның кезекші бөлімдерімен байланыс қамтамасыз етілген.

Жалпы, Талғар ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

 

В Талгарском районе усилена работа по защите прав несовершеннолетних и профилактике правонарушений

В Талгарском районе на системной основе проводится комплексная профилактическая работа, направленная на предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних и обеспечение защиты их прав.

По итогам отчетного периода в Управлении полиции района зарегистрировано 12 преступлений, совершённых с участием несовершеннолетних. Кроме того, выявлено 4 преступления, совершённых в отношении несовершеннолетних. Также зарегистрирован один факт безвестного исчезновения несовершеннолетнего — все разыскиваемые лица в результате проведённых мероприятий были найдены.

В результате профилактической работы с участием суицидологов и психологов Талгарской районной центральной больницы в январе 2026 года среди подростков не зарегистрировано фактов завершённых суицидов либо попыток суицида.

По мнению специалистов, на совершение правонарушений подростками влияют такие факторы, как неблагоприятные социально-экономические условия, негативное влияние сверстников, а также психологические и эмоциональные трудности.

В целях усиления контроля проведено оперативно-профилактическое мероприятие под условным названием «Подросток-1», а также организованы локальные рейдовые отработки. Для проверки в Управление полиции доставлен 171 несовершеннолетний, выявлено 313 административных правонарушений.

В частности, к ответственности привлечены 43 лица за неисполнение обязанностей по воспитанию и обучению детей. В отношении 47 лиц приняты меры за допущение нахождения несовершеннолетних в развлекательных заведениях в ночное время. Кроме того, выявлены 2 подростка, находившиеся в состоянии алкогольного опьянения либо употреблявшие алкоголь в общественных местах. Зафиксирован один факт продажи алкогольной продукции несовершеннолетнему.

На территории района активно функционирует мобильная группа, в состав которой входят представители прокуратуры, отдела образования, центра поддержки семьи и органов опеки и попечительства. Еженедельно проводится обследование социально уязвимых и неблагополучных семей с целью предупреждения правонарушений и оказания правовой, психологической и социальной помощи.

В настоящее время на учёте состоит 40 неблагополучных семей, в которых воспитываются 112 несовершеннолетних. В отношении одного подростка вынесено защитное предписание. По различным категориям на профилактическом учёте полиции состоят 7 несовершеннолетних.

Совместно с органами прокуратуры, образования и профильными службами Департамента полиции Алматинской области в учебных заведениях организуются встречи, направленные на профилактику вовлечения подростков в наркопреступления, терроризм, правонарушения сексуального характера, противодействие буллингу, а также формирование культуры соблюдения правил дорожного движения.

Всего проведено 63 встречи на правовые темы и 36 анонимных анкетирований, которыми охвачено 998 учащихся.

Кроме того, среди подростков осуществляется постоянный мониторинг социальных сетей с целью выявления контента, пропагандирующего наркотические средства или иную незаконную деятельность. По итогам января подобных фактов не зарегистрировано.

В рамках концепции «Закон и порядок» и Года детей разработан проект «Ответственность за будущее», направленный на личностное развитие школьников с участием бывших сотрудников полиции, а также на профилактику насилия, буллинга и правонарушений.

Также в образовательных организациях созданы 48 отрядов «Юные помощники полиции», объединяющих 516 учащихся.

В целом в Талгарском районе проживает 61 803 подростка, из них 55 345 — школьного возраста. В районе функционируют 47 средних школ, 7 колледжей, 2 частных лицея и 9 частных школ. Дошкольное образование обеспечивают 201 организация, где воспитываются 8 485 детей.

В целях обеспечения безопасности во всех учебных заведениях установлено 2 137 камер видеонаблюдения. Все школы оснащены турникетами, в части из них внедрена система Face ID. Также установлены «ящики доверия» и тревожные кнопки с обеспечением связи с дежурными частями полиции.

В целом работа по защите прав несовершеннолетних и профилактике правонарушений в Талгарском районе будет продолжена.