Талғар ауданында бопсалаудың алдын алу жұмыстары күшейтілді

Талғар ауданы аумағында бопсалау қылмыстарының алдын алу және осындай құқық бұзушылықтардың жасалу қаупін төмендету мақсатында кешенді профилактикалық шаралар жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстарды Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері жүйелі түрде ұйымдастырып келеді.

Оперативтік-профилактикалық іс-шаралар барысында бопсалауға бейім тұлғаларды анықтауға ерекше назар аударылуда. Әсіресе жастарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тарту фактілерінің алдын алу басты міндеттердің бірі болып отыр.

Профилактика аясында учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция қызметкерлері тұрғындармен кездесулер өткізіп, еңбек ұжымдарында және білім беру ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Оқушылар мен студенттерге бопсалаудың негізгі белгілері, оның салдары мен заң алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берілуде.

Білім беру ұйымдарында анонимді түрде өтініш қалдыруға арналған «сенім жәшіктері» орнатылып, әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізілуде. Бұл шаралар интернет арқылы жасалатын қорқыту, қысым көрсету және бопсалау әрекеттерін дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мектеп әкімшіліктерімен тығыз өзара іс-қимыл орнатылып, оқушылар арасындағы жанжал жағдайларын ерте кезеңде анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Қауіпсіздікті күшейту мақсатында білім беру мекемелерінде бейнебақылау жүйелері жетілдіріліп, бопсалау туралы әрбір хабарламаға жедел әрекет ету қамтамасыз етілген. Сондай-ақ тәуекел тобына жататын тұлғалармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2026 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша Талғар ауданында жалпы қылмыс деңгейі 26,8 пайызға өсіп, 164-тен 208 жағдайға дейін артқан. Дегенмен осы кезеңде бопсалау фактілеріне жол берілмей, көрсеткіш 4-тен 0-ге дейін төмендеген.

Мамандардың айтуынша, бопсалау қылмысы көбіне жасырын сипатта болады. Жәбірленушілер қорқыныш салдарынан құқық қорғау органдарына жүгінуге батылдық танытпайды. Сонымен қатар қатарластарының қысымы, қылмыстық пиғылдағы тұлғалардың ықпалы, интернет-платформаларды пайдалану арқылы жасалатын қорқыту мен бопсалау әрекеттері, сондай-ақ жасөспірімдер мен ата-аналардың құқықтық сауаттылығының жеткіліксіздігі бұл мәселені өзекті ете түсуде.

Осыған байланысты Талғар ауданында бопсалаудың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да күшейтіліп, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жалғаса бермек.

 

В Талгарском районе усилены меры по профилактике вымогательства

На территории Талгарского района проводятся комплексные профилактические мероприятия, направленные на предупреждение преступлений, связанных с вымогательством, и снижение риска совершения подобных правонарушений. Данная работа системно организуется сотрудниками отдела общественной безопасности.

В ходе оперативно-профилактических мероприятий особое внимание уделяется выявлению лиц, склонных к совершению вымогательства. Одной из приоритетных задач является предупреждение фактов вовлечения молодежи, в том числе несовершеннолетних, в противоправную деятельность.

В рамках профилактики участковые инспекторы полиции и сотрудники ювенальной полиции проводят встречи с населением, разъяснительную работу в трудовых коллективах и организациях образования. Школьникам и студентам предоставляется подробная информация об основных признаках вымогательства, его последствиях и предусмотренной законом ответственности.

В образовательных учреждениях установлены анонимные «ящики доверия» для подачи обращений, а также на постоянной основе ведется мониторинг социальных сетей. Эти меры позволяют своевременно выявлять факты угроз, давления и вымогательства, совершаемых посредством интернет-платформ. Кроме того, налажено тесное взаимодействие с администрациями школ для раннего выявления конфликтных ситуаций среди учащихся.

В целях усиления безопасности совершенствуются системы видеонаблюдения в образовательных учреждениях, обеспечено оперативное реагирование на каждое сообщение о возможных фактах вымогательства. Также проводится индивидуальная профилактическая работа с лицами, входящими в группу риска.

Согласно статистическим данным, по итогам января 2026 года в Талгарском районе общий уровень преступности увеличился на 26,8 процента — с 164 до 208 зарегистрированных случаев. Вместе с тем факты вымогательства за указанный период не допущены: показатель снизился с 4 до 0.

По словам специалистов, преступления, связанные с вымогательством, нередко носят скрытый характер. Потерпевшие из-за страха не всегда решаются обращаться в правоохранительные органы. Дополнительными факторами риска остаются давление со стороны сверстников, влияние лиц с криминальными намерениями, угрозы и вымогательство через интернет-платформы, а также недостаточный уровень правовой грамотности подростков и их родителей.

В этой связи профилактическая работа по предупреждению вымогательства в Талгарском районе будет и далее усиливаться, а меры по обеспечению общественной безопасности — последовательно реализовываться.