
Талғар ауданы аумағында электронды сигареттердің (вейптердің) заңсыз айналымының алдын алу бағытында кешенді профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бағыттағы іс-шараларды аудандық Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Арнайы рейдтік топтар сауда орындарын, базарлар мен дүкендерді, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерін аралап, вейп өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша тексерістер жүргізуде. Әсіресе кәмелетке толмағандарға мұндай өнімдерді өткізу жағдайлары ерекше назарға алынған.
Аталған жұмыстарға білім беру, денсаулық сақтау және жастар саясаты саласының мамандары да тартылған. Ювеналды полиция қызметкерлері мектептер мен колледждерде профилактикалық кездесулер өткізіп, электронды сигареттердің адам денсаулығына тигізер зияны туралы түсіндіруде. Сонымен қатар мұндай өнімдерді заңсыз таратқаны үшін қарастырылған жауапкершілік жөнінде ақпарат берілуде.
Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілер мен интернет-платформаларға мониторинг жүргізіп, вейптердің онлайн саудасын анықтау бағытында жұмыстарды жалғастырып келеді. Дегенмен, электронды сигареттердің мессенджерлер мен интернет арқылы жасырын сатылуы сатушыларды анықтауды қиындататын негізгі мәселелердің бірі болып отыр.
Мамандардың айтуынша, кәмелетке толмағандар арасында вейптердің зияны мен құқықтық жауапкершілік туралы түсініктің жеткіліксіздігі де өзекті мәселе. Кейбір құрылғылардың басқа электронды құралдарға ұқсатып жасырылуы олардың анықталуын күрделендіреді. Сонымен бірге шағын сауда нүктелері иелері мен сатушылар арасында құқықтық сауаттылықтың төмен болуы да профилактикалық жұмыстарды күшейтуді талап етеді.
Осыған байланысты бірлескен рейдтік шаралар күшейтіліп, учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Барлық білім беру ұйымдарында арнайы дәрістер, көрнекі үгіт-насихат материалдары мен бейнероликтер көрсету арқылы профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар ата-аналар жиналыстарында да темекі және электронды сигареттерді қолданудың зияны, кәмелетке толмағандардың денсаулығына тигізер кері әсері және заңнамалық талаптар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, 2026 жылдың есептік кезеңі басталғалы бері Талғар ауданы аумағында электронды сигареттердің заңсыз айналымына қатысты тіркелген фактілер анықталған жоқ.
В Талгарском районе усилены меры по пресечению незаконного оборота вейпов
На территории Талгарского района на системной основе проводятся комплексные профилактические мероприятия, направленные на предупреждение незаконного оборота электронных сигарет (вейпов). Данная работа находится на постоянном контроле отдела общественной безопасности района.
Специальные рейдовые группы осуществляют проверки торговых точек, рынков и магазинов, а также объектов досуга и развлечений с целью выявления фактов незаконной реализации вейп-продукции. Особое внимание уделяется недопущению продажи подобных изделий несовершеннолетним.
К проведению данных мероприятий привлечены также специалисты сфер образования, здравоохранения и молодежной политики. Сотрудники ювенальной полиции проводят профилактические встречи в школах и колледжах, разъясняя вред электронных сигарет для здоровья человека. Кроме того, учащимся доводится информация об ответственности, предусмотренной за незаконное распространение данной продукции.
Правоохранительные органы продолжают мониторинг социальных сетей и интернет-платформ с целью выявления фактов онлайн-торговли вейпами. Вместе с тем одной из основных проблем остается скрытая реализация электронных сигарет через мессенджеры и интернет-ресурсы, что существенно затрудняет установление продавцов.
По словам специалистов, актуальной остается недостаточная осведомленность несовершеннолетних о вреде вейпов и правовых последствиях их распространения и использования. Отдельные устройства маскируются под другие электронные приборы, что усложняет их выявление. Наряду с этим низкий уровень правовой грамотности владельцев небольших торговых точек и продавцов также требует усиления профилактической работы.
В связи с этим усилены совместные рейдовые мероприятия, а участковые инспекторы полиции проводят разъяснительную работу среди населения. Во всех образовательных организациях организуются специальные лекции, демонстрация наглядных агитационных материалов и видеороликов профилактического характера.
Также на родительских собраниях проводится разъяснение вреда употребления табачных изделий и электронных сигарет, их негативного влияния на здоровье несовершеннолетних, а также требований действующего законодательства.
Стоит отметить, что с начала отчетного периода 2026 года на территории Талгарского района фактов незаконного оборота электронных сигарет не зарегистрировано.

