Талғар ауданының Жастар ресурстық орталығы Талғар медициналық колледжінің студенттерімен «Ата-Заңым» тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шараға аудандық полиция және прокуратура өкілдері қатысып, жастармен мазмұнды пікір алмасу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғамдағы маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заңды құрметтеу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Құқық қорғау органдарының өкілдері студенттердің сұрақтарына жауап беріп, заң талаптарын сақтау әр азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.
Шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Ата заңның ел өміріндегі рөлін түсіндіру және қоғамға жауапкершілікпен қарайтын белсенді жастарды қалыптастыру.
Кездесу барысында студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісіп, пайдалы мәліметтер алды. Осындай кездесулер жастардың заңға деген құрметін арттырып, құқықтық мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.

