
Референдум күні ауылдық округтердегі сайлау учаскелерінде халықтың белсенділігі жоғары деңгейде байқалуда. Таңғы сағаттардан бастап тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасап жатыр.
Бесағаш ауылындағы №868 және №1012 сайлау учаскелерінде сайлаушылардың қарасы қалың. Тұрғындар ерте келіп, референдумға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруде. Учаскелерде дауыс беру процесі қалыпты әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр.
Алатау ауылындағы №843, №848 және №855 сайлау учаскелерінде де тұрғындардың белсенділігі байқалады. Таңғы уақыттан бастап ауыл тұрғындары келіп, өз дауыстарын беруде. Учаскелерде сайлаушылар легі бір сәтке де толастаған жоқ.
Сонымен қатар Алатау ауылындағы №855 сайлау учаскесіне бір отбасы түгелдей келіп, референдумға бірге қатысып, өз таңдауларын жасады. Бұл ауыл тұрғындарының бірлігі мен ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді.
Жалпы алғанда, Бесағаш пен Алатау ауылдарындағы сайлау учаскелерінде референдум күні жоғары белсенділік байқалып, тұрғындар ел өміріндегі маңызды саяси науқанға жауапкершілікпен қарап отырғанын көрсетті.

