Халықаралық байқаушы: «Қазақстанда референдум ашық әрі жоғары деңгейде өтіп жатыр»

Астанадағы №282 референдум учаскесіне Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Бударина халықаралық байқаушы ретінде барып, дауыс беру процесімен танысты.

Ол учаскедегі ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде екенін атап өтті. Байқаушының айтуынша, азаматтардың еркін әрі объективті түрде дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған.

Біз кеше де, бүгін де бірнеше учаскені аралап шықтық. Барлық жерде дауыс беру процесі заң талаптарына сай ұйымдастырылған. Жалпы атмосфера өте жақсы – кейбір жерлерде музыка ойнап, ән айтылып жатыр. Мұның бәрі бүгінгі күннің ерекше әрі маңызды екенін сезіндіреді. Бұл Қазақстан үшін маңызды күн,– деді Наталья Бударина.

Халықаралық байқаушы учаскелердегі атмосфераның да ерекше екенін айтты. Оның сөзінше, кейбір учаскелерде музыка қойылып, мерекелік көңіл күй байқалады.

Тағы бір ерекше атап өткім келетіні – көптеген адамдардың учаскелерге отбасымен, тіпті кішкентай балаларымен бірге келіп жатқаны. Бұл өте дұрыс үрдіс деп ойлаймын. Өйткені осындай маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларға бүкіл отбасының қатысуы – болашақ ұрпақ үшін де үлкен үлгі, – деді ол.

Сондай-ақ Бударина учаскелерде көптеген бақылаушы жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Тағы бір атап өтетін жайт – әрбір учаскеде көптеген бақылаушылар бар. Оның ішінде халықаралық бақылаушылар да келіп отыр. Бүгінгі оқиғаға бақылаушылардың көп қатысуы – ашықтық пен айқындықтың белгісі деп ойлаймын,-деді ол.

Международный наблюдатель: «Референдум в Казахстане проходит открыто и на высоком уровне»

Международный наблюдатель, секретарь Центральной избирательной комиссии Российской Федерации Наталья Бударина посетила избирательный участок №282 в Астане и ознакомилась с ходом голосования.

По ее словам, организация процесса на участке находится на высоком уровне. Наблюдатель отметила, что для граждан созданы все условия, чтобы они могли свободно и объективно выразить свою позицию.

«Мы побывали на нескольких участках и вчера, и сегодня. Везде процесс голосования организован в соответствии с требованиями закона. В целом атмосфера очень хорошая — в некоторых местах играет музыка, звучат песни. Всё это создаёт ощущение, что сегодняшний день особенный и очень важный. Это значимый день для Казахстана», — сказала Наталья Бударина.

Она также отметила особую атмосферу на избирательных участках. По словам наблюдателя, на некоторых из них звучит музыка и ощущается праздничное настроение.

«Хочу отдельно отметить, что многие люди приходят на участки целыми семьями, даже с маленькими детьми. Я считаю, что это очень правильная тенденция. Участие всей семьи в таких важных общественно-политических событиях — хороший пример для будущего поколения», -подчеркнула она.

Кроме того, Бударина обратила внимание на большое количество наблюдателей на участках.

«Ещё один важный момент -на каждом участке работает много наблюдателей, в том числе международных. Их присутствие на сегодняшнем событии является показателем открытости и прозрачности процесса», -добавила она.