

Референдум күні бірқатар ауылдардағы сайлау учаскелерінде халықтың белсенділігі ерекше байқалуда. Таңғы сағаттардан бастап тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасап жатыр.
Тұздыбастау ауылындағы №860 және №861 сайлау учаскелерінде сайлаушылар легі толастар емес. Ауыл тұрғындары отбасыларымен келіп, маңызды саяси науқанға белсенді қатысуда.
Кеңдала ауылындағы №869 және №872 учаскелерінде де халық көптеп жиналып, дауыс беру процесі қарқынды жүріп жатыр. Бұл ауылда тұрғындардың азаматтық белсенділігі ерекше байқалуда.
Панфилов ауылындағы №876, №877 және №878 сайлау учаскелерінде де сайлаушылар саны артып келеді. Таңертеңнен бастап тұрғындар өз учаскелеріне келіп, референдумға қатысуда.
Сондай-ақ Гүлдала ауылындағы №886 және №887 сайлау учаскелерінде де халықтың қарасы қалың. Жергілікті тұрғындар бұл күннің маңыздылығын түсініп, белсенді түрде дауыс беріп жатыр.
Ал Қызылту ауылындағы №97617 әскери бөлімшесі ауыл ішіндегі №883 сайлау учаскесіне әскери қызметшілер келіп, референдумда өз дауыстарын берді. Сарбаздар азаматтық борыштарын орындап, маңызды саяси науқаннан тыс қалмады.
Жалпы алғанда, аталған ауылдардағы сайлау учаскелерінде референдум күні жоғары белсенділік байқалып, тұрғындар мен әскери қызметшілер ел өміріндегі маңызды оқиғаға өз үлестерін қосуда.

